Футбол • 08 Ақпан, 2024

Армениямен айқасамыз

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Армения ұлттық құ­ра­малары 7 маусымда Еревандағы Ваз­ген Саркисян атындағы стадионда жол­дас­тық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Армениямен айқасамыз

Бұл ақпаратты еліміздің футбол федерациясы таратты. Армения құрамасы ФИФА рейтингінде жерлестерімізден жеті саты жо­ғары тұр. Яғни олар – 93-орында. Қазақстан – 100-орында. Олардың бағындырған пәлендей белестері жоқ. Десек те аталған команданың сапында Еуропа мен Азияның ортаңқол клубтарында өнер көрсетіп жүрген бірнеше жақсы ойыншы бар. Бұл елдің бас­ты жұлдызы кезінде Донецкінің «Шахтер», Дортмундтың «Боруссия», Англияның «Ман­честер Юнайтед» пен «Арсенал» және Ита­лияның «Ромасында» шеберлігін шыңдап, бұл күндері Миланның «Интер» клубының намы­сын қорғап жүрген Генрих Мхитарян осы­дан екі жыл бұрын ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын ресми түрде жария етті.

Осы командалар өзара жеті мәрте кез­де­сіп, соның төртеуінде армения­лықтар­дың асы­ғы алшысынан түсті. Қазақстан екі рет жеңіс тойын тойлады. Тағы бір матч тең аяқталды.