Оқиға • 08 Ақпан, 2024

Шымкентте сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаладағы жеке меншік мектептердің бірінде, сабақ үстінде 8-сынып оқушысының жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Дегенмен, жасөспірім қыз жансақтау бөлімінде тілге келмей көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Фото: fotoxcom.ru

Қайғылы оқиға 6 ақпан күні болған. 8-сынып оқушысының мектепте жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ол үйінде әжесінің жүрек ауруына қарсы дәрісін көп мөлшерде ішіп қойған. Кейін әдеттегідей сабаққа келген.

Мектеп директорының айтуынша, екінші сабақтың уақытында өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

«Біз жедел жәрдем шақырып, қыздың анасын да шақырдық. Кейін қыздың көп мөлшерде дәрі ішкені анықталды», дейді директор.

Өзін жайсыз сезінген оқушыға мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен. Ал, жедел жәрдем қызметкерлері асқазанын шайған. Дәрігерлердің айтуынша қыз баланың жүрегі ауруханаға жеткенше 2 рет тоқтаған. Ауыр халде жеткізілген науқасты аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Қыз ауыр жағдайда келді. Оны біз бірден жансақтау бөліміне кіргіздік. Ол жерде тағы 3-ші рет жүрегі тоқтады. Оны да қайта жүргіздік. Сонымен сағат 10:46 өте ауыр жағдайда келіп түскен науқас сағат 12:20-да атқарылған интенсивті шараларға қарамастан қайтыс болды», деді дәрігер. 

Аталған жайтқа қатысты «суицидке дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.