Қоғам • 08 Ақпан, 2024

Түркістандағы балалар өлімі: Басқарма басшысы қаралы отбасыға көңіл айтты

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 баланың мәйіті табылып, қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласындағы қонақүйден сол балалардың анасы күдікті ретінде қамауға алынған еді. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты, деп жазады Egemen.kz.

Түркістандағы балалар өлімі: Басқарма басшысы қаралы отбасыға көңіл айтты

Фото: turkystan.kz

Осыған байланысты Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов күдіктінің 2014 жылдан бастап Шиелі ауданындағы білім беру ұйымдарының бірінде мұғалім болып қызмет атқарғанын растады. Оқиға болған күні, 7 ақпанда мектеп әкімшілігін ескертусіз жұмысқа бармай қалыпты. Әріптестерінің айтуынша ол ұжыммен, ата-ана, оқушылармен тіл табыса алатын мұғалім болыпты. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке де жеткен екен.

«Жұбайы, балалары, ата-енесі бар кәдімгі толық отбасы. Оны бұл жағдайға не итермелегені түсініксіз. Бүгін қайғы тартып отырған отбасына барып, көңіл айтып қайттым», дейді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09