Экспорт • 08 Ақпан, 2024

Сыртқы сауда сабақтастығы

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылдың 11 айында Қазақстан­ның сыртқы сауда айналы­мы 125,9 млрд долларға дейін жет­ті, көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Бұл – сыртқы сауданың рекордтық көлемі. Ол импорт­тың 20,4 пайызға ұлғаюымен байла­ныс­ты, ал ел экспортының 8,5 па­йызға төмендегенін атап өткен жөн.

Сыртқы сауда сабақтастығы

Экономикалық зерттеулер институты­ның хабарлауынша, 2023 жылдың 11 айын­да Қазақстанға импорт 54,6 млрд дол­ларға жетті, бұл 2022 жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда 20,4 пайызға артық. Импорттың рекордтық көлемінің қалыптасуына шетелден елге автомобильдер мен жоғары технологиялық тауарларды жеткізуді ұлғайту әсер етті.

2022 жылға дейін елдің негізгі сауда серіктесі Ресей Федерациясы болды, оның үлесі жыл сайын 20-24 пайызға дейін жететін еді. Алайда 2022 жылғы геосаяси өзгерістерге байланысты 2023 жылы еліміздің бас сауда серіктесі мәртебесін 22 пайыз үлеспен Қытай иеленді, ал Ресей Федерациясына тиесілі үлес – 19 пайыз. 

Экспорттың төмендеуі мұнай бағасы­ның төмендеуімен байланысты. Қазақстан экспорты 11 айда 8,5 пайызға, 71,3 млрд долларға дейін төмендеді. Бұл, ең алдымен, мұнай кірістерінің – 12,4 пайызға, 38,3 млрд долларға дейін төмендеуімен байланыс­ты. Бұл ретте тоннамен санағанда қазақ мұнайының экспорты – 7,2 пайызға, 60,5 млн тоннадан 64,9 млн тоннаға дейін өсті.

Шикізаттық емес тауарлардың экспорты төмендеді. Осы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасынан шикізаттық емес тауарлардың экспорты – 4,5 пайызға, яғни 22,8 млрд долларға дейін түсті. Бұл негізінен аралық тауарлар (жартылай фабрикаттар) экспортының – 7,2 пайызға, 18,2 миллиард долларға дейін төмендеуімен байланысты. Мысалы, негізгі металдардың шетелдік сатылымы – 9,3 пайызға, 12,4 млрд долларға дейін, ал мұнай өңдеу өнімдерінің экспорты – 34,2 пайызға, 1,5 млрд долларға дейін төмендеді.