Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бүгінгі күні кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын фермерлердің талап-тілектерін орындау, оларға байланысты қаржы мәселесін түбегейлі шешу, мемлекеттен бөлінетін субсидияларды реттеу және шаруаларға толық жеткізу, агросалаға инвесторларды көптеп тарту мәселелерін атап өтті.
Мемлекет басшысы агрокешеннің дамуына тек мемлекеттік бюджет қаражаты емес өзге де қаржы көздерін табу, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктер арқылы да жұмыстар жүргізу керектігіне назар аударды. Көктемгі егіс жұмыстары мен күзгі дәнді дақылдар мен көкөністерді жинау жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несиені 1,5 трлн теңгеге дейін жеткізу қажет, ал инвестициялық жобаларды 800 млрд тенгеден асыру керектігін баса айтты.
Сол сияқты ауылшаруашылық техникаларын жетілдіру мен дамытуға жеңілдетілген лизингті жыл сайын 450 млрд теңгеге дейін көтеру кезек күттірмес мәселе екені де Үкімет алдына шығарылды.
Ерболат САУРЫҚОВ,
Мәжіліс депутаты