Қоғам • 09 Ақпан, 2024

Съезд тұжырымдамасы таныстырылды

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты – съездің одан әрі дамуы, оның қазіргі әлемдегі дінаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы рөлін көрсету.

Съезд тұжырымдамасы таныстырылды

Дәріске университеттің журналис­тика және дінтану мамандықтарын­да білім алып жатқан студенттер қатысты. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы­ның басқарма төрағасы Болат Сәрсен­баев студенттерді, магистранттар­ды және педагогикалық ұжымды бей­біт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтің қазақстандық үлгісімен таныстырды. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары және тұжырымдаманың бейбітшілік идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлі талқыланды.

«Даму тұжырымдамасы Прези­дент Қ.Тоқаевтың бастамасымен съездің жаһандық қоғамдастықта дінаралық диалог алаңын нығайту мақсатында әзірленді. Бұл – білім беру мекемесі мен жалпы сала үшін тұжырымдама және оның мәдениет, дін, өркениеттер диалогін дамытудағы маңызы туралы толық ақпарат алудың бірегей мүмкіндігі», деп атап өтті ол.

Н.Назарбаев орталығы еліміздің жетекші оқу орындары – Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ, Назарбаев уни­вер­ситет, М.С.Нәрікбаев атын­­дағы KAZGUU, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті уни­верситеті база­сын­да съездің даму тұ­жы­рым­дамасын, оның негізгі жол­дау­ларын түсіндіру бойынша дәрістер топ­та­масын жоспарлағанын атап өт­кен жөн. Айта кетсек, бұл құжат съезді 2033 жылға дейінгі одан әрі да­мытудың жалпы көзқарасын, мис­сия­сын, мақсаттары мен бағыт­тарын айқындайды. Оны 2023 жылғы қаз­анда Астанада өткен ХХІ Съезд Хат­шылығына қатысушылар қабылдады.

Съездің алдағы онжылдықтағы дамуының жаңа парадигмасының бөлігі ретінде форум миссиясы – әлемдік және дәстүрлі діндер қауым­дастығы арасындағы өзара түсіністік пен құрметті одан әрі нығайту, сондай-ақ қауіпсіз және гүлденген бола­шақ үшін рухани дипломатияның әлеуе­тін іске асыру. Съезд халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми құрылымдардың өкілдері үшін ашық діни көшбасшылар арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың жаһандық алаңы ретінде дамиды.