gov.kz
«Яндекс.GO» қосымшасы арқылы жолаушы тасымалдау қызметімен айныласатын, жасырын табыс көзі бар, алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 150-ден астам борышкер айқындалды. 2023 жылы прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын, 14 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, олардың ішінен 5 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде 9 қылмыстық іс бар.
Сонымен қатар алимент өндіру бойынша сот шешімін орындамаған 112 борышкер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы прокуратурасының 2023 жылғы шараларымен 16 мың бала алдындағы, 2,5 млрд теңгеден астам алимент бойынша қарыз төленді», делінген ақпаратта.