Хоккей • 12 Ақпан, 2024

Оныншы ойында да оңбады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан берер күн бұрын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» буллит соғу барысында Санкт-Петербургтің СКА-сынан жеңілген еді.

Оныншы ойында да оңбады

Сол сәтсіздіктен кейін жерлестеріміз плей-офф бәсекелеріне қатысу мүмкіндігінен түбегейлі айырылды. Енді биылғы маусымда олар Гагарин кубогіне қатыспайды. Одан кейін елордалық хоккейшілер Мәскеудің «Спартак» клубын қабылдады. Бәсеке басталған бетте тізгінді қолға алған қонақтардың ойыншылары Александр Пашин мен Максим Цыплаков қатарынан екі рет нысананы дәл көздеді. Үзілістен кейін Ансель Галимов үшінші голды соқса, көп ұзамай Кирилл Савицкий сәл болса да, есеп айырмашылығын қысқартты. Ал үшінші кезеңде Николай Голдобин кездесудің соңғы нүктесін қойды – 1:4.

Осылайша, «Барыс» қатарынан оныншы ойында опық жеді. Өзінің келесі кездесуін олар 13 ақпанда Владивостокта жергілікті «Адмирал» клубына қарсы өткізеді.