Спорт • 12 Ақпан, 2024

Парижден кейін – Ташкент

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айының басында Өзбек­станның бас шаһары Ташкентте дзю­додан Grand Slam турнирінің жалау­ы желбірейді. Бұл жарыста Қазақ­станның 26 балуаны бақ сынайды.

Парижден кейін – Ташкент

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жуырда ғана Парижде өткен додада күш сынасқан шәкірттерінің барлығын да осы сынға қосуды құп көрген екен. Францияның астанасында біздің жігіттердің арасынан 100 кг салмақтағы Нұрлыхан Шархан ғана жеңіс тұғырына көтеріліп, қола медальді иеленді. Қалғаны ұтылды. Сөйтіп, Ташкентте Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (81 кг), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев, және Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) ел намысын қорғайды.

Ерлан Алпысбаев жаттықтыратын әйелдер командасы Grand Slam турнирінде мын­дай құрамда өнер көрсетеді: Әбиба Әбу­жақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Балнұр Әбдешова, Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Куюлова, Крис­тина Сотникова (63 кг), Екатерина Токарева (70 кг), Аруна Жангелдина, Маргарита Гри­ценко (78 кг), Кәмила Берліқаш және Назгүл Маратова (+78 кг).

 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10