Президент • 12 Ақпан, 2024

Мемлекет басшысы Финляндияның жаңа президентін құттықтады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Финляндияның жаңа президентін құттықтады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

«Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың Сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ Сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін. Біз Финляндиямен арадағы достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін Сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін», делінген жеделхатта.

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20