Пікір • 12 Ақпан, 2024

Жастардың жолы – өзгеріс

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жедел шешуді қажет ететін елдегі ең маңызды мәселелерді айқындап берді. Сондықтан бізге нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет.

Жастардың жолы – өзгеріс

Әр мемлекеттің әлеуметтік-эко­номикалық жағдайын ілгері­ле­туші фактор көп. Соның бірі – білікті кадр. Әсіресе мемлекеттің кез келген саласы жасанды инте­лек­тіге, цифрлануға басымдық беріл­ген тұста маманның ши­рақ­тығы маңызды. Бұл ретте жас­­тардың рөлі ерекше. Себебі олар заманауи білім ала отырып, қатардан қалыс қалмау үшін бі­лік­­тілігін күннен-күнге шыңдап оты­ратын буын. Осы орайда жасанды интеллектіні тәжірибеде қолданып, оң нәтижесін көрсетіп жатқан азаматтар бар. Жастар қанаты да өз іс-шара, жобаларын озық технологиялардың көмегіне жүгініп, азаматтарға қол­жетімді әрі ыңғайлы форматта жеткізіп жүр. Жасанды интеллект арқылы сту­денттердің, жас ма­ман­дардың қызықты идеяларын одан әрі да­мы­туға, уақытты тиімді пай­да­ла­ну­ға ықпал етіп келеді.

Мәселен, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасы аясында өткен жәрмеңкеде жасанды интеллекті, «ChatGPT»-ға жүгіндік. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеген азамат­тар өз түйіндемелерін ЖИ ар­қылы толтырды. Бұл уақытты тиімді пайдалану мен қажетсіз дүние­лер­ге көңіл аударудан шектейді.

Қазір әлем өркениеттің жаңа са­тысына қадам басты. Елімізде бо­лып жатқан саяси өзгерістер – жастарға оң ықпалын тигізеріне се­німдіміз. Мемлекетпен қатар, біз де жасампаз прогресстерге қадам ба­суға, рухтастар тарапынан же­міс­ті жұмыс істеуге дайынбыз.

 

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА,

«Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы