Инфляция • 14 Ақпан, 2024

Инфляция бәсеңдеуі мүмкін

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2024 жыл­ғы ақпандағы кейбір инди­ка­торларға қатысты қар­жы нарығы кәсіби қатысу­шы­ларының кезекті сауалнама­сының нәтижелерін ұсынды. Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлім­шелері қызметкерлерінің пікі­рі зерделенді.

Инфляция бәсеңдеуі мүмкін

Коллаждарды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Таяп келе жатқан салық ке­зең қарсаңында қаржы нарығы сарап­шыларының ұлттық валюта баға­мына қатысты қысқамерзімді күту­лері біршама жақсарыпты. Нау­рыз айының басында доллар мен теңге бағамы бір доллар үшін 455,0 теңге (1 ай бұрын 457,4 тең­ге) белгісінде болжанады. Де­ген­­мен алдағы уақытта мұнай ба­ға­­сының құбылуы, базалық мөл­­шер­леменің төмендеуіне байланысты теңге құралдарының тартымдылығының азаюы, сон­дай-ақ импорт пен сыртқы борыш бойын­­ша төлемдердің өсуі аясында ұлт­тық валютаның бір доллар үшін 478,3 теңгеге дейін әлсіреуі байқа­луы мүмкін.

Ал мұнай бағасы бойынша күту бір жылдан кейін нашарлап, қаңтар айындағы 85,4 долларға қарсы барреліне 83,9 долларды құрапты.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 83 пайызы келесі отырыста базалық пайыздық мөлшерлеме төмен­дейді деп күтсе, соның ішінде 67 пайызы нақтылы 25 базалық тармаққа, яғни 15,25-тен 15,0 пайызға дейін төмендейді деп күтіп отырғанын мәлімдеген. 

«Сыртқы жағдайлардың жақ­саруы және елде жүргізіліп жат­қан инфляцияға қарсы саясат сарап­шылардың инфляциялық күтуінің айтарлықтай жақсаруы­на ықпал етті. 12 ай өткеннен кейін жылдық 12,5 пайыз базалық мөлшерлемемен инфляция 8,8 пайыз­ды (1 ай бұрын 9,7 па­йыз) құрауы мүмкін», делінеді қауымдастық ақпаратында.