Қазақстан • 14 Ақпан, 2024

Қазақстанның 12 облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 12 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 12 облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Фото: inbusiness.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нақтылағандай, 14 ақпан сағат 9:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында - 1 учаске (42 км)

Ақмола облысында - 14 учаске (1226 км)

Ақтөбе облысында – 4 учаске (662 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (211 км)

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Қарағанды облысында - 3 учаске (288 км)

Қостанай облысында - 2 учаске (52 км)

Қызылорда облысында - 3 учаске (815 км)

Павлодар облысында - 1 учаске (54 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (98 км)

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 535 бірлік техника және 875 жолшы жұмылдырылды