Қоғам • 14 Ақпан, 2024

ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректерін кім таратқанын анықтады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті әлеуметтік желіде университетте оқитын студент қыздардың жеке, медициналық деректерінің таралып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректерін кім таратқанын анықтады

Фото: envato.com

ҚазҰУ-дағы департамент мамандары жеке деректердің таралуына байланысты университетте ішкі тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Университет ақпаратына сәйкес, студенттердің жеке деректерін университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін Smart Health University City ЖШС медбикесі таратқан.

«6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін Smart Health University City ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджері арқылы флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Механика-математика факультетінің 3-4 курс студенттерінің тізімі бар Excell форматындағы құжаттарды осы факультет деканатының маманына жіберген. Кейіннен мессенджерлік хабарламалар арқылы университетте оқитын студент қыздарға қатысты жеке деректер мен медициналық, гинекологиялық құпия ақпарат тарап кеткен.

Университет қызметтік тексеру тағайындап, Алматы прокуратурасына аталған факт бойынша прокурорлық шара қолдану және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінді», делінген ЖОО департаментінің хабарламасында.

Университет Smart Health University City ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзу мәселесін қарастырып жатыр.