Спорт • 15 Ақпан, 2024

Жәнібекке жақындап қалды

4589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring журналы орта салмақта жұ­дырықтасып жүрген кәсіпқой бокс­шылардың рейтингін жариялады.

Жәнібекке жақындап қалды

Үздіктер көшін Жәнібек Әлімханұлы бас­тап тұр. 15 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, 10 қарсыласын есінен тан­дырған 30 жастағы қазақтың ұлы қазіргі кезде WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып отыр. «Qazaq Style» деген жанама есімді таңдаған қандасымызды доминикандық Карлос Адамес пен кубалық Эрисланди Лара өкшелеп келеді. Екеуі де өте қарулы жігіттер: Адамес (23 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) – WBC-тың уақытша чемпионы, Лара (29 жеңіс, 17 нокаут, 3 жеңіліс, 3 тең есеп) – WBA-ның тұрақты чемпионы. Төртінші сатыға Ұлыбританияның мар­қасқасы Крис Юбэнк (33 жеңіс, 24 нокаут, 3 жеңіліс) жайғасты. Үздік бестікті Мейірім Нұр­сұлтанов түйіндеп тұр. Жәнібекпен түйдей құрдас Семей өңірінің тумасы 19 рет рингке көтеріліп, барлық бәсекеде басымдық танытты. 10 айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Мейірімнің чемпиондық тәж үшін таласатын уақыты келді. Осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында Нұрсұлтанов сондай мүмкіндікке ие болуға тиіс.