Теннис • 15 Ақпан, 2024

Жарысты жеңіспен бастады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Әбу-Дабиде өткен турнирде топ жарған Елена Рыбакинаның бір сәтке де дамылдауға уақыты жоқ. Аталған жарыс аяқталған бетте ол бірден Дохаға аттанды.

Жарысты жеңіспен бастады

Қатардың астанасында WTA-1000 бәсекесі бас­талды. Жүлде қоры 3 211 715 долларды құ­ра­ған доданы Рыбакина екінші айналымнан бас­тады. Тұсаукесер кездесуде ол қытайлық Лу Чжинмен (№57) кездесіп, 6:2, 6:1 есебімен оны ой­сырата ұтты. Елена енді 1/8 финалда аме­рикалық Эмма Наварромен (№23) шеберлік бай­қасады. Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракетасы Александр Бублик (№ 23) Ни­дерландтың Роттердамындағы турнирдің екінші айналымына шықты. Бастапқы кезеңде ол хор­ватиялық Борна Чоричке (№ 31) шаң қаптырды – 6:3, 6:4. Келесі айналымда Бублик канадалық Милош Раоничпен (№ 309) күш сынасады.

Ал АТР рейтингінде 339-орында тұрған Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында өткен ITF тур­ни­рінің жеңімпазы атанды. Сол жарыста ол до­миникандық Джуниор Таварез бен Питер Бер­тран, америкалық Хенрик Вирсхольм, Аксель Нефвед және Алекс Рыбаковтан айласын асырды.