Президент • 15 Ақпан, 2024

Президент Қатарға жасаған алғашқы жұмыс сапарын қорытындылады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Қатар Мемлекетіне жасаған алғашқы сапарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қатарға жасаған алғашқы жұмыс сапарын қорытындылады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент өз жазбасында Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалайтынын жазды.
 
«Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз», деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы.