Таным • 15 Ақпан, 2024

Шам мұзы: Әрі көрікті, әрі қауіпті

113 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Кез келген дүниенің бастауы болатыны сияқты қыстың да тарихын тым әріден қозғауға бейілміз. Расында, қыс – жыл ішіндегі ең суық төрт мезгілдің бірі.
Жердегі қыстың тарихы миллиондаған жылдарға созылады дейді ғалымдар. Ғаламшар тарихында температура тым төмендеп, жер бетінің үлкен бөліктері мұзбен жабылған бірнеше дәуірлер өткенінен бірсыпыра хабардармыз. Мұндай уақыттардың мысалдары кеш палеозой мен плейстоцен кезеңдеріне жатқызылып жүр. Бұл кезеңдерде қыс ұзақ тұрып климаттық жағдайлар соған бейімделеді. Қарабайыр қоғамдар мен ең алғашқы өркениеттер үшін де қыс маңызды рөл атқарды. Адамдар табиғатқа және оның циклдік сипатына тәуелді болды. Оларға қыстың көзі қырауда азық-түлік ресурстарының шектеулі болуы және сүйектен өтетін суық температураның өзі де үлкен қиындықтар тудырған еді.

Шам мұзы: Әрі көрікті, әрі қауіпті

Діни және мәдени әдет-ғұрыптардың пайда болуы­мен көптеген қысқы мерекелер мен рәсімдер пайда болды. Мы­салы, ежелгі Рим мәдение­тінде Сатурн құдайының құр­метіне «Сатурналия» мерекесі ұйым­дастырылатын. Ол күн ұзақ­ты­ғымен байланысты еді және қысқы күн тұру кезеңінде атап өтіліпті. Орта ғасырлардағы қысқы мерекелер бүкіл әлемде әлі күнге дейін атап өтілетін рождестволық және жаңа жылдық мерекелерге байланысты шықса керек.

Бұл мерекелер көбінесе жылу­лықпен, отбасылық жиындармен, сыйлықтармен және суық мезгілдегі мерекелік көңіл-күймен байланыстырылады. Расында, қыс ойын-сауық пен спорттық белсенділіктің уақыты еді.

1924 жылы Францияда алғаш­қы қысқы Олимпиада ойындары өтті. Бұл әлемдік спорт тари­хындағы маңызды оқиға болып саналды. Сонымен, қыс мезгілінің тарихы бай әрі алуан түрлі. Қыс біз жыл сайын қабылдайтын сұлулық, қуаныш және қиындықтар уақытын білдіреді. Қыс – бұл әлем­нің қарлы ақ жамылғыға оранған сиқырлы мезгілі. Қыс келгенде табиғат өзгеріп, бүкіл әлем жаңа түске еніп, өзгеше бір әуендер өмірге келгендей әсер қалдырады.

ми

Адам әр кезде де қоршаған кеңістікті игеруге бейім болады. Бұл үдеріс ең алдымен, ежел­гі уақытта осы кеңістікке тән элементтер мен адамның қа­жеттіліктері арасындағы өзара әре­кеттесуді білдіреді. Кеңістікті игеру екі бағытта жүрді: біріншісі өмір сүретін аумақтарды, яғни қоныстар пайда болған көшпелі жолдар мен аңшылық алқаптар өткен жерлерді игеруді көздесе, екіншісі  кеңістікті діни немесе мифологиялық игеру. Соңғы жағ­дайда қасиетті орындар пай­да болды, онда адам толық қожайын болмады және рухтарға, құдайларға және кеткен ата-бабаларға тиесілі болды. Осындай ізденістер табиғаттың сұлу да керемет көрінісі «шам мұздарын»   құбылысын ғылымға паш етті.

Бұл бір-бірімен байланысқан миниатюралық мұз бағаналарына ұқсайды. Егер сіз мұзды тастасаңыз, ол мөлдір, ұзынша, алтыбұрышты кристалдарға бөлінеді. Суда жүзіп бара жатқанда, мұз шамдары бір-біріне соқтығысып, әуезді дыбыс шығарады. Шам мұзы кристалдар арасында құрылым пайда болған кезде бөгде заттардың түсуіне байланысты түзіледі: қар, ауа, суда еріген ластаушы заттар. Мұз шамдарының шекарасындағы аймақ сыртқы әсерлерге сезімтал: күн жылуы, өзен және мұхит суы мұзды төменнен жуады, сондықтан кристалдар өзінен бұ­рын бұзылады.

Микроскопиялық балдырлар мен шамдар арасындағы кеңістікте орналасқан басқа микроорганизмдер мәңгілік мұздың бұзылуына үлес қосады. Олар оның түсін өзгертетін және күнді тартатын пигменттерді және мұздың еруін күшейтетін арнайы криоконит затын шығарады. Мұндай кеуекті және тұрақсыз мұзды «шірік» деп те атайды, шам мұзы соның сұрыптарының бірі болады. Шіріген мұздың қауіптілігі мынада: сыртқы жағынан ол әдеттегіден айтарлықтай ерекше­ленбейді, тек күңгірт түске ие және адам немесе жануарлар үшін тұзаққа айналуы мүмкін. Шам мұзы – ең қауіптісі.

Ол су бетіне перпендикуляр бағандар түрінде қалыптасады және шамдардың қаптамасына ұқсайды. Сондықтан да ол өз атауын осыған ұқсағандықтан алса керек. Оны «ине мұзы» деп те атайды. Егер топырақтың температурасы 0°C-тан жоғары болса, ал жер бетіндегі ауа температурасы төмен болған жағдайда пайда болады. Сұйық жерасты суы жер бетіне капилляр арқылы кө­теріледі (капиллярлық – тар құ­бырлардағы, кеуекті денелердегі сұйықтық деңгейінің өзгеру құ­былысы). Содан қатып, мұз ине­лерін құрайды. Байкал көлінде ине мұзы керісінше қалыптасады: инелер терең өседі. Мұз астындағы су беткі қабыршағының қалың­дығына байланысты суық болады, ал күн мұздың бетін жо­ғарыдан қыздырады. Судың баратын жері жоқ және ол күнмен қыздырылған кезде миллиметрден миллиметрге дейін мұзды өрістете еріп, осы триллиондаған инелерді қалыптастырғандай төмен қарай жүре бастайды. Мұз бағандарының ұзындығы әдетте бірнеше сантиметр. Өсу кезінде олар топырақтың ұсақ бөлшектерін көтеруі немесе кері итеруі мүмкін. Көлбеу беттерде ине мұзы топырақтың сырғуына ықпал ететін факторға айналуы  да ғажап емес.

Мұндай мұздың өз атаулары да бар: «Аяз бағаналары», «Каммейс» (неміс термині «тарақ мұзы» дегенді), «шимобашира» (жапон термині мұз бағаналары) дегенді білдіреді.  Ал швед тілінде бұл мұзды «пипкраке» (пип (түтік) және краке (әлсіз, жұқа) деген мағыналарды береді екен. Бұл терминді 1907 жылы Генрик Гессельман енгізген. Мұз еріген сайын мұз шамының пайда болуы уақыт, температура және еріген су мөлшерімен біртіндеп артады. Яғни мұз неғұрлым көп ерісе, соғұрлым шам мұзы көбірек пайда болады.

Осы жерде неліктен біз мәң­гілік мұз туралы айта бастадық деген сұрақтың қойылуы да мүмкін.  Расында мұндай мұз­дар­­дың экология үшін және жалпы ғаламшарымыз үшін ма­ңызы қандай? Құрлықта пайда болған жылжымалы табиғи мұздарды зерттейтін гляциолог ғалымдардың бағалауы бойынша, жер бетінде мұндай мұздар көбейіп келеді екен. Табиғаттың тап мұндай  «таңғажайыптары» Арктикадағы қатты мұздың орнын басуы әбден мүмкін деседі, бірақ оны алмастыра алмайды. Біріншіден, ол жеткілікті мықты емес, сондықтан материктік мұз­ды шірік мұзға ауыс­тыру инуит­тердің қозғалысы мен дәстүрлі аң аулауына және арк­тикалық жануарлардың көші-қонына кедергі келтіреді. Екін­шіден, кеуекті құрылымы мен күңгірт түсіне байланысты ол мұхит суын қыздыратын күн сәулесінің өтуіне мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде мұзды төменнен еріте бастайды және одан әрі кли­маттық өзге­рістерге әкелетін тұйық шеңбер шығады. Бұл кезде олар шамалы және көрінбейтін болып кететін, аккумулятивті әсерге ие болады. 2009 жылғы зерттеу­лер Аляс­каның солтүстігіндегі Бофорт те­ңізіндегі қатты мұз­дың көп бөлігі шіріген мұзға ай­налғанын көрсетті. 2015 жылы Гренландия мұз қабатының көп бөлігі кеуекті мұз массиві екені анықталды және бұл үдерісті тоқтатуға бола ма, жоқ па белгісіз болып қалады.

 

Дилорам ТАУАСАРОВА,

«Ұлы дала елі» орталығының қызметкері