Экономика • 16 Ақпан, 2024

Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды

1316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды

Фото: kz.oqu.news

Жиында жұмыртқа құнын бекіту, шекті баға қою мәселесі талқыланды.

Маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тараптар жыл соңына дейін шекті баға белгілеуді көздейді. Жиынға қатысушылар 1-санаттағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру үшін екі жақты тиімді талаптарды қарастырып жатыр. 

«Бұған дейін Қазақстан құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында тауық жұмыртқасы бағасының өсуіне жол бермеу туралы Меморандум 2023 жылдың 30 қарашасында жасалған еді, бұл мереке алдындағы кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді», деп жазды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.