Президент • 19 Ақпан, 2024

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Фото: aqorda_resmi

Марат Омаров Президентке  агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берді; монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға жеткен; Агенттіктің бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты: бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе әзірленіп, іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараттық жүйесі, яғни деректер базасы әзірленіп жатыр. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізілетінін айтты.

Президент агенттік төрағасына  экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.