Технология • 19 Ақпан, 2024

Теңіз табанын зерттейтін робот

270 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Satbayev University робот­техника кафедрасының студенттері жартылай те­рең­діктегі су бассейндерін зерт­тейтін робот жасап шығарды. Шағын зертханада құрастырылған ав­то­номды робот Орталық Азия­дағы су бассейндерін де зерттей алады.

Теңіз табанын зерттейтін робот

Жоба жетекшісі, Роботтех­ника және автоматтандыру тех­­но­логиялары кафедрасының аға оқытушысы Ермұхаммед Кәл­меновтің айтуынша, қазіргі кезде әлемдегі су бассейндерінің 6 пайы­зы ғана зерттелгендіктен, ға­лым­дар үшін мұхиттар, теңіз­дер мен көлдерді зерттеу ісі өзекті.

Е.Кәлменовтің робот­тар­ға қызығушылығы 2019 жылы док­­­торантураға түскен кезінен бас­талғанын айтады. Осы кезде ғы­лыми жетекшісі, профессор Ер­кебұлан Төлешов бағыт-бағ­дар беріп, бірнеше тақырып ұсынады. «Ұшатын дрондар, планерлер, роботтар жайында деректер мені елітіп әкетті. Алай­да Аралға, тіптен Каспий жағалауына барып көрмеген мен үшін су астын зерттейтін роботтар туралы алғашында таңға­жайып сияқты көрінетін. Робот­тар жүйесінің де көпшілік біле бермейтін өз құпиясы бар екен, ал оны әрі қарай зерттеу университет ғалымдары мен студенттері үшін өте тартымды жобаға айналды», дейді ол.

 

Робот сүңгуірлердің жұмысын жеңілдетеді

Аға оқытушы Е.Кәлменов­тің жетекшілігімен 4-курс сту­денттері Науқан Аман­жол, Рат­мир Мальков, Жанерке Зәуірбек, Владислав Земцов құ­рас­­тыр­ған суасты роботы грант­тық қар­жы­ландыру арқылы іске асты. Бұл жобаға 3 млн теңге көлемінде қара­жат бөлінген. Жар­ты жыл ақпа­раттарды зерттеп, суасты робо­тының прототипін жасаған ғалым­дар тобы биыл күн жыли салы­сымен Қапшағай, Балқаш, Арал, Каспий сияқты еліміздегі су бассейндеріне барып, суасты роботын сынақтан өткізіп көрмекші.

Робот прототипі сантехника­лық полипропиленді трубадан жа­салған. Мұндай қолжетім­ді әдістер әлемдегі студенттер мен мұ­­ғалімдер тә­жірибесінде жиі қол­данылады. Жас зерттеу­ші­­лер жоба барысында онлайн фо­румдардың көмегі көп болға­нын алға тартты. Олардың айтуына қарағанда, роботты құрастыру да, басқару да оңай емес. Бұл әзір­лемедегі басты кезең – Arduino платасын қолдану. Автоматты басқару блогі робот жұмысын барынша оңай әрі қолжетімді етеді. Конструкторлық және бас­қарудың инновациялық жүйе­сін ойлап тапқан ғалымдар өз әдістерінің әлемдегі суасты ро­боттарын құрастыру ісінде де кәдеге асатынына сенімді. Ав­тономды суасты роботы 100 метр тереңдікті зерттейді. Бұ­дан да терең қабаттарға барады деген болжам да жоқ емес. Піші­мі жағынан торпедоға ұқсас келетін робот алты моторлы, екі каме­ралы әрі алты бағытта жүзе алады. Инновациялық өнімнің болашақтағы толыққанды өнді­рісі үшін мырышталған болат қажет. Оны құрастырушылар Ресейден алдырып, моторын – Қытайдан, камерасына Amazon-нан тапсырыс берген. Өнертабыс иелерінің айтуынша, роботтағы акустикалық датчиктің қызметі су астындағы дыбысты қабылдауға арналған. Камераның көмегімен су астындағы нысанның қысымы, физикалық пішімі анықталады. Әзірге Satbayev University ғалым­дары құрастырған роботтың елімізде баламасы жоқ деуге не­гіз бар. «Осы деректерге қол жет­кізгеннен кейін геологтер өз болжамын жасай алады. Автономды робот болашақта сүңгуірлердің жұмысын жеңілдетеді. Өйткені оларға 100 метр тереңдіктен әрі қарай жүзу өте қауіпті. Бір сағат әрі 20-40 метрге дейін ғана жүзе алуы мүмкін. Робот су астындағы тіршілікті зерттей отырып, бел­гілі бір аумақтың картасын жа­сауға, суасты трубалары, кен орын­­дарын, құрылғылардың за­қым­­дануын анықтай алады», деп атап өтті жоба жетекшісі.

 

Суасты картографиясын жасайды

Жобас жетекшісі Е.Кәлменов­тің айтуынша, әлемдегі интер­­нет-трафиктің 95 пайызы мұ­хит­тар түбінде жатқан суасты кәбілдері арқылы өтеді. Ал бүкіл жер бе­тін­дегі суасты кәбілдері тура­лы ақпарат Cable Map порталында көрсетілген.

«Картада кәбілдердің қан­дай компанияға тиесілі екені, мекенжайына дейін бар. Міне, осы кәбілдердегі ақауларды суасты роботтары тексереді. Жалпы, суас­ты картографиясын түсіретін роботтар қызметіне қарай бө­лінеді. Суасты тірші­лігін зерттеу үшін картог­рафиясын жасау қа­жет. Бүгін­де елімізге қатысты карталар кеңес­тік кезеңмен бай­ланыс­ты болғандықтан, олар қа­зір­гі Қазақстан жүйесіндегі су астын­дағы тіршілікті зерттеуде қолдануға жарамайды. Болашақта компью­терлік бағдарламалар арқылы еліміздің суасты карталарын құ­растыруға болады. Қазіргі кез­де су бассейндерінің қабатын тексеруде Ресейден, Қытайдан, Финляндиядан әкелінген роботтар қолданылып жүр», дейді ол.

Келесі кезең – роботты сынақ­тан өткізіп, өндіріске шығару. Оған қомақты қаржы керек. Егер де бизнес өкілдері іргелі стра­те­гиялық жобаларға қаражат бө­лу ісі жанданатын болса, елі­міз­­де көптеген стартап, тың зерт­теу­дің қарқын алатыны сөзсіз.

 

Инженерлік мамандықтарда қазақша оқулық аз

Жобамен жарты жылғы жұ­мыс кезінде студенттер көп тә­жі­рибе жинақтап, электроника, механика, автоматика, бағ­дар­ламалау сияқты пәндер бойынша теорияны қайталап, кейде дема­лыс күндерінде де жұмыс істеуіне тура келді. Зерт­ханадағы бірқатар прибор жұ­мыс тобының өз қаражатына алыныпты. Жоба жетекшісінің айтуынша, жыл сайын зерттеу жұмыстары үшін радиоэле­менттер, приборлар, қол аспап­тарының тізімі жасалады. «Алай­­да оны өз қаржымызға алуға тура келеді. Сондықтан таяу бо­лашақта әр кафедраның өз бюд­жеті жасақталғаны тиім­ді», дейді ол. Мұнымен қоса ин­женер мамандығында оқи­тын студенттер үшін орыс, ағыл­шын тілінде оқулық жеткілікті болғанымен, қазақ тілінде аз. Ро­боттехника, электртехника бол­сын, зертханалар зама­науи зерт­теулер жүргізуге сай емес. Со­нымен бірге оқу жоспа­ры кеңес кезеңіндегіден көп өзгере қоймаған. Мысалы, университетке оқуға түскен түлек 11-сы­ныптың бағдарламасын қай­талап оқуына тура келеді. Ол курсты тәмамдағанша оқуға деген қызығушылығын жоғалтып алатыны таңғалатын жайт емес. Инженерлік бағытқа оқуға түс­кен түлектер үшін бағдарламалар­ды жылдам әрі қысқа мерзімде мең­геріп шығу өте қиын. Сон­дық­тан оқу бағдарламасы да, оқы­тушылар да заман талабы­на сай дамып отырғаны маңыз­ды», дейді Е.Кәлменов. Мұ­нымен қоса студенттер сти­пен­­диясының аздығы, жатақ­ха­на жетіспеушілігі сияқты әлеу­мет­тік мәселелер де кесе-көл­денең шығады. Соның салдарынан студенттің оқуға деген құлшынысы да төмендейді. Сонымен бірге кейінгі жылдары инженер мамандықтарына келетін студенттердің қатары азайып отыр. Себебі түлектер өндірісте автоматты басқару ин­женері болып мардымсыз жалақыға жұмыс істегеннен гөрі IT салада екі-үш есе көп табыс тапқанды әлдеқайда құп көреді.

 

АЛМАТЫ