Білім • 20 Ақпан, 2024

«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі

Фото: t.me/KZgovernment/

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған.

Министрдің айтуынша, 2024-2025 жылдары елімізде 740 мың орындық 369 мектеп салынады. Оның ішінде биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі.

«Мектеп құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асады. 163 мектеп ауылдық жерлерде салынады. Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар жайлы мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны сақтайды», деді Ғ.Бейсембаев.