Есірткі • 20 Ақпан, 2024

Астанадағы дәмханалардың бірінде есірткі сатылып келген

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады. Бұл туралы Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы дәмханалардың бірінде есірткі сатылып келген

Фото: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан.

- «Тосқауыл» ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.