Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Мас күйінде көлік жүргізген шетел азаматы қамалды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізген Израиль азаматы ұсталды, деп жазады Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мас күйінде көлік жүргізген шетел азаматы қамалды

Фото: POLICE_of_KZ

Айта кетсек, шетел азаматының Қазақстанда тұруға рұқсаты бар екені анықталды.

«Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Ол мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жазаланады. Сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды», делінген ақпаратта.