Өнер • 20 Ақпан, 2024

Қазақтың мың бұралған биші қызы Германияда «алтын» олжалады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақтың мың бұралған биші қызы Германияда «алтын» олжалады

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды. ⠀

800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат - Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз. ⠀

«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03