Президент • 20 Ақпан, 2024

Сербия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа шақырды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа шақырды

Фото: akorda.kz

Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.