Шаруашылық • 20 Ақпан, 2024

Қиярдың жаңа сұрпы

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық ғалымдар қиярдың жаңа сұрпын шығарды. Көкөніс бірнеше өңірдің ауа райына төзімді. Сондықтан бірқатар облыс­тағы шаруалар арасында сұранысқа ие болғалы тұр.

Қиярдың жаңа сұрпы

Бұл сұрыпты ақтөбелік зерт­­теушілер алматылық әріптес­терімен бірге жасап шыққан. Қияр­дың жаңа сұрпын шығару үшін ғалымдар үш жылға жуық еңбек еткен. Құдайберген Жұба­нов атындағы Ақтөбе өңірлік уни­­вер­ситетінің оқытушылары ал­ма­тылық әріптестерімен бірге көкөністің бес түрлі тұқымын алып, далада және жылыжайда кешенді тәжірибе өткізді. Нә­тижесінде, ауа райы күрт құ­был­малы аймақтарда мол өнім беретін өсімдік тұқымын алды. 

Биология ғылымдарының кан­­ди­даты Әлия Базарғалиева жаңа сұрыпты қолдану аймағының ауқым­дығын атап: «Бұл сұрып Ақтөбе облысына ғана жерсін­дірілмеген. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстары және басқа да об­лыстардың ауа райына өсіруге толығымен болатын сорттың қата­ры­на жатады», деді.

Ғалымдар тұқымның сапасына сенімді болып отыр. Себебі топыраққа түскен әрбір дәні жерді жарып шығады екен. Соған сай өнімі де мол. Осыған қоса шыбын-шіркейсіз-ақ тозаңданатын қа­сиеті бар. Өсімдікті сұрыптау нәтижелі болғандықтан, тиісті патент те берілді. Ендігі міндет – шаруаларға табыстап, нарыққа жетерліктей етіп өсіру.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруа­шылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орын­басары Асылхан Абтиев: «Біз ғылыми зерттеуден өткен тұқымды ірі алқаптарға себуге дайынбыз. Жергілікті бағбандар ашық аспан астында және жылыжайларға егіп, нәтижесін көрсе, ақтөбелік ғалымдар шығар­ған қияр тұқымына сұраныс жоғары болғалы тұр», деп сенімін білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024