Президент • 22 Ақпан, 2024

«Болашақтың ойындары»: Президент қазақ киберспортшыларына сәттілік тіледі

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Болашақтың ойындары»: Президент қазақ киберспортшыларына сәттілік тіледі

Фото: akorda.kz

Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады.

B

Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

N

Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.

«Фиджитал-концепцияға» негізделген турнирдің форматы физикалық белсенділікті, заманауи технология мен цифрлық ортаны ұштастырады.

Vb

Шоу барысында спорт, стратегия, тактика, технология, жылдамдық секілді 5 топқа біріктірілген сайыс түрлері таныстырылды. Ойындардың бағдарламасына классикалық спорт түрлері мен олардың 21 цифрлық баламалары бойынша гибридті спорттық жарыстар енгізілген. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша турнирге 100-ден астам елден 2 мыңға жуық киберспортшы келген. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түседі. Жалпы бұл турнирге еліміздің 48 өкілі қатысады.

V