Экономика • 22 Ақпан, 2024

255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріле ме?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мобильді аударымға қатысты салық салу шарты қайта қаралады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріле ме?

Фото: newqazaq.kz

Министрдің айтуынша, салық комитеті үш айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан, яғни, 255 мың теңгеден асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған болса тексеруге негіз бар деп есептейді.

«Бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл барлық операцияның 17 пайызын құрайды», деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025