Футбол • 23 Ақпан, 2024

Соңғы секундта соғылған гол

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан командалардың соңғы жұптары күш сынасты. Бұл бәсекелер Италияның Неаполь және Португалияның Порту қалаларында өтті.

Соңғы секундта соғылған гол

Неапольдағы матчта гол тура бір сағаттан соң соғылды. Бірінші таймда «Барселона» қарсы жаққа жеті соққы жасаса, соның үшеуі қақпаға дәл бағытталды. Тек қақпашы Алекс Мереттің алғырлығының арқасында есеп ашылған жоқ. Алаң иелері бірде-бір қауіпті жағдай жасай алмады. Десек те 60-минутта доп торда тулады. Педриден жақсы пас алған Роберт Левандовски нысананы дәл көздеді – 0:1. Бірақ каталониялық клуб бұл есепті ұзақ сақтап тұра алмады. Арада 15 минут өткеннен соң Виктор Осимхен таразы басын теңестірді.

Пиреней түбегінде «Порту» мен «Арсенал» арасында өткен матчта да қос команданың ойын­шылары қанша жанталасса да, допты дәл тебе алмады. Негізі уақыт аяқталып, төреші белгілеген 4 минутының соңғы секундында Сержиу Консейсаудың шәкірттерін қарымта шабуыл ұйымдастырып, Вандерсон Галеноның алыстан тепкен добына қақпашы тосқауыл бола алмады – 1:0.