Қаржы • 23 Ақпан, 2024

Базалық мөлшерлеме: Кесім айтар кез жетті

140 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгін базалық пайыздық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешім қабылданады. Ұлттық банк (ҰБ) былтыр жыл соңынан бері ақша-несие саясатын біртіндеп жеңілдетіп келе жатыр. Бұл өз кезегінде 2022 және 2023 жылдардың тең жартысы бойы ұсталған жоғары базаның әсерінен төмендеген инфляция деңгейімен байланысты. Сарапшылар Ұлттық банк бүгін мөлшерлемені кезекті рет төмендетеді деп күтеді. Дегенмен мән беріп қарайтын кей фактор да бар.

Базалық мөлшерлеме: Кесім айтар кез жетті

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Сарапшы Владислав Туркин­нің айтуынша, базалық мөлшер­леме 0,5–1 пайыздық тармаққа тө­мендетілуі мүмкін. Көп жағ­дай­да 0,5 пайыздық тармақтың ықти­малдылығы жоғары.

«Ай сайын жылдық инфля­ция­ның баяулауы байқалып жатыр. Бұл нақты мөлшерлеме мәнін қалыпты қатаңнан қатаңға қарай ығыстырып келеді. Қазір елімізде ең жоғарғы нақты мөл­шер­леме тіркеліп отырғанын айта кетейін (нақты мөлшерлеме – база­лық мөл­шерлеме мен инфля­ция көр­сет­кішінің арасындағы айыр­ма­шылық – ред.). Сонымен қатар қазір қайта нығайған теңге бағамы байқалады. Бұл да теңгелей активтер ұсынысына және нақты мөлшерлеме мәніне әсер етеді.

Белгілі бір теңсіздікті меңзеп тұрған айқын сигналдардың бірі – бейрезиденттердің біздің бағалы қағаздарға деген үлкен сұранысы. Толыққанды ұзақмер­зім­ді инвесторларға қарағанда, тасы­малдаушы трейдерлердің мұн­дай ағыны әдетте сыртқы қаты­сушыларға алыпсатарлық пайда алуға мүмкіндік беретін бел­гілі бір бұрмаланудың болуын көрсетеді. Мұндай теңге­рім­сіз­дік­ті жоюдың екі тәсілі бар, бірі – нарықтағы валюта ұсынысын қысқарту. Яғни бұл – ұлттық қордан трансфертті азайту. Екін­ші­сі – теңгелей активтердің тар­тым­дылығын төмендету. Бұл де­геніміз – осы айтып отырған мөл­шер­леме мәселесі», дейді.

Айтуынша, былтыр мөлшер­ле­мені төмендете бастаған кезде теңге курсының айтарлықтай құ­был­­уы және әлсіреуі аңға­рыл­ды.

«Сол кезде сарапшылар «ер­­терек төмендетуге қарсы бол­­ған эко­номикалық агенттер ақша­мен дауыс беріп жатыр» деп мәлімдеді. Әлем бо­йынша мөлшерлемелердің тө­мен­деу циклінің басталуымен тепе-теңдіктің бұзылуы, спе­ку­­ля­циялық белсенділік қайта күш алады. Бір жағынан, инфля­цияның баяулау қарқыны күткен­дегі деңгейден төмен болып тұр. Экономикада әлі про­ин­фля­­циялық факторлардың бәсі басым. Проинфляциялық фак­тор­лардың қайнар көзі ретінде жоғары қарқындағы фискалдық және кредиттік ынталандыруды айтсақ болады. Осыны ескере отырып, ҰБ мөлшерлемені одан әрі төмендету туралы ше­шім қабылдамауы және ішкі сұра­ныстың тұрақты кеңеюімен инфляцияны тұрақтандыру факторы ретінде қайта нығайтылған айырбас бағамын бірінші орынға қоя отырып, қалыпты қатаң шарт­­тар шеңберінде жылжуды жал­­ғастыруы мүмкін. Яғни ба­ғам бізде ең басты нәрсе және мөлшерлеме соған бейімделеді. Қадағалаушы қатаң шарттар ор­натуға да бармайды, өйткені биз­нес онсыз да әрдайым аштық жағдайында өмір сүріп жатыр. Мұндайда, ҰБ 0,25 пайыздық тар­маққа төмендету туралы ше­шім қабылдауы мүмкін», дейді Туркин.

Оның сөзінше, қазіргі мөл­шерлемені сақтап қалу ықти­мал­ды­лығы төмен. Егер солай істегісі келсе, онда ол экономикадағы ай­тар­лықтай тәуекелдер мен проб­леманы, тиісінше мықты негіз­де­мені талап етеді.

«Қандай да бір проблема, түйткіл туралы бұған дейін ай­тыл­ған жоқ. Сыртқы фон да қазір өте жақсы және алдағы 12 ай да солай болжанып отыр. Алайда ҰБ мұның алдында жария еткен «мөлшерлемені төмендетудің қазіргі циклі аясындағы мүмкін бо­латын үзілістер» бізді алаңда­та­ды. Мұндайдың не үшін керек екені тіпті түсініксіз. Бұл шешім ҰБ үшін өте қолайлы, бірақ ол ешқашан белсенді емес, экономика құрылымы үшін, тіпті, деструктивті саналады. Ор­талық банктер дер кезінде назар ауда­рып, шарттарды алдын ала түзетуге талпынып жатыр. Есте­ріңізге сала кетейін, экономика тарихында бірнеше рет шамадан тыс қаттылық немесе ақша-несие шарттарын уақытында реттей алмау рецессияға, құрылымдық бұрмаланулардың өсуі мен терең тамырлануы кезінде ұзаққа со­зыл­ған тоқырау жағдайларына әкелді», дейді сарапшы.

«Halyk Finance» базалық па­йыз­­дық мөлшерлемені 50–100 база­лық тармаққа төмендетуге болады деп санайды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылықтар тарифінің жоға­рылауы, Ұлттық қордан қара­жат алу арқылы 2023 жылдың төртінші тоқсанында бюджеттік ынталандырудың күшейіп кетуі, жыл басынан бері минималды жалақы деңгейінің көтерілуі сияқты проинфляциялық фактор­лар­дың сақталуына қарамас­тан, инфляцияның одан әрі тө­мендеуі жалғаса береді. Тіпті осы баяулаудың айтарлықтай тежелгенін және Ұлттық банктің 2023 жылдың соңына инфляцияны 7,5 – 9,5% шегінде болжағанын ескерсек, біз ақша-несие саясатын одан әрі жеңілдету және базалық мөлшерлемені 2023 жылдың соңына дейін 50–100 базалық тармаққа төмендету мүмкіндігі бар деп есептейміз», дейді «Halyk Finance» сарапшысы Мәдина Қабжәлелова.

Биыл қаңтардың соңында жылдық инфляция 9,5 пайызды құраған еді. 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа ғана тө­мен­деді. Алайда инфляцияның бір таңбалы деңгейіне қол жет­кіз­ген кезде бұл табиғи үдеріс саналады. 2024 жылы Ұлт­тық банк те, сарапшылар да, соның ішінде біз де инфляцияның күрт төмендеуін күтпейміз дейді.

«ҰБ биыл жыл соңында инфляцияны 7,5 – 9,5 интервалында болжайды. Біз 8,5 пайыз болады деп отырмыз. Ұлттық қордан трансферт жасау түріндегі ірі валю­талық интервенциялардан кейін теңге бағамының қа­лып­ты әлсіреуі біздіңше 2024 жылдың алғашқы жартысында болу­ға тиіс. Сонымен қатар әлі де жалғаса түсуі мүмкін болып тұр­ған ком­му­налдық қызметтер баға­­сы­ның қымбаттауы да баға­ның түсуіне кедергі келтіреді. Баға өсімін ынталандыратын тағы бір фактор – Ұлттық қордан қосымша қаражат алу. Бұл туралы наурызда нақты белгілі болады. Алайда былтыр алынған 5,3 трлн теңгені ескере отырып, инфляцияға ынталандыру әсерін беру үшін биылғы трансферт мөлшері айтарлықтай жоғары болуы керек. Мұнай бағасының тұрақтануына және мұнай өндіруді кеңейтуге қатыс­ты белгісіздік, яғни Ұлттық қорға түсетін табыс ағынының шек­тел­уі жағдайында бұл сцена­рий­дің іске асуы неғай­был», дейді.

Монетарлық саясаттың жұм­саруына ықпал ететін тағы бір фак­тор – жаһандық инфляциялық қысымның баяулауы.

«Қазақстанда 6 пайызға тақау тұрған нақты мөлшерлеменің жоғары деңгейі тіркелді. Бұл күтпеген сыртқы күйзелістердің болмауы жағдайында базалық мөлшерлеменің одан әрі төмен­деуі траекториясына негіз бе­реді. Біздің пікірімізше, ке­зек­ті отырыста базалық мөл­шерлемені 50–100 базалық тар­маққа, 14,25–14,75 пайыз ара­лы­ғында қал­дыруға болады. Бұл шешім инфля­цияға жеткілікті тежеуші әсер­ді сақтай отырып, эко­но­ми­каға ынталандыру тұр­ғы­сынан әсер етер еді», деп түйін­­дейді.

Еске салайық, қазір бізде база­лық пайыздық мөлшерлеме – 15,25 пайыз. Жылдық инфляция – 9,5 пайыз. Инфляция бойынша мақсат – 5 пайыз.