Фото: qr_tjm
«21 ақпанда сағат 09:00-де 4 адам жеңіл автокөлікпен Батпақкөл ауылдық округі бағытында жылқы іздеуге шығып, хабар-ошарсыз кетті. Жоғалған адамдар 22 ақпанда сағат 11:00-де Қандыағаш қаласынан 300 км қашықтықта табылды. Құтқарушылар олардың жеңіл көліктерін қар құрсауынан шығарып, адамдарды Көкпекті ауылына жеткізді», делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстарына Мұғалжар ауданының ТЖБ бастығы Мақсат Рятов және ТЖБ бас маманы Аслан Мұхтар қатысты.