Төтенше жағдай • 25 Ақпан, 2024

Алматыда жер сілкінді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 ақпан күні күндізгі  сағат 10:14 шамасында Алматы қаласында  жер сілкінісі  тіркелді, деп жазады Egemen.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматыда жер сілкінді

Фото:Максим Золотухин

«ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентр туралы ақпарат, балдық көрсеткіш өңделуде. Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі», делінген ақпаратта.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 261 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. MPV магнитудасы 5.9 болған жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым.