Спорт • 25 Ақпан, 2024

Михаил Шайдоров Challenge Cup турнирінде жеңіске жетті

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Нидерланд Корольдігінің  Тильбург қаласында өткен Challenge Cup халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті, деп жазады  Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 

Михаил Шайдоров Challenge Cup турнирінде жеңіске жетті

Фото: olympic.kz

Михаил Шайдоров  қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға  орнықса,  еркін бағдарламада шеберлігімен тәнті етіп, жалпы есепте - 256.34 ұпаймен жеңіске жетті.  Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы жапон спортшысы Тацуя Цубой  күміс медальді місе тұтса, оның отандасы Казуки Томоноға қола медаль бұйырды.

Халықаралық турнирге 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.