Спорт • 26 Ақпан, 2024

Тильбургте топ жарды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландтың Тильбург қаласында Challenge Cup турнирі өтті. Бұл жарыс­та Қазақ­станның ең үздік мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров өнер көрсетті.

Тильбургте топ жарды

Осыдан екі жыл бұрын жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс медальды иеленген 19 жастағы Алматының тумасы ересектер дуында да өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Қызғалдақтар елінде Шайдоров асқан шеберлік танытып, қалың көрерменнің қо­шеметіне бөленді. Қысқа бағдарламаны (85.75 ұпай) екінші орынмен қорытындылаған ол еркін жаттығуда (270.59 ұпай) алдына жан салмады. Нәтижесінде, бас жүлде жер­лесімізге бұйырды.

Жапонияның қос мықтысы – Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері Тацуя Цубой мен командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері Казуки Томоно Тильбургте күміс пен қола медальды қанағат тұтуға мәж­бүр болды.