Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Копенгагеннен.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде ЕҚЫҰ-ның Іс басын-дағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Данияның Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Лене Эсперсен ханым және ДИАҚБ директоры Янеш Ленарчич сөз сөйледі. Осыдан жиырма жыл бұрын нақ осы қалада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөнін-дегі кеңес мүшелерінің жоғары лауазымды өкілдері тереңдігі мен ауқымы жағынан теңдесі жоқ, адам құқықтары, демократия және заң үстемдігі бойынша стандарттар жинағын қабылдады, деді өз сөзінде Қанат Саудабаев. Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы күрделі де қайшылық-тарға толы оқиғалар кезеңінде Копенгаген құжаты транзиттік елдердегі демократиялық түрлендірулерді қолдауда айрықша рөл атқарды, Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістіктегі демократия негіздерін нығайтты, ЕҚЫҰ-ның тұрақтандырушы рөлін бекітті. Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Копенгаген құжатының одан әрі дамуындағы айрықша мәнге ие. Себебі, тарихта тұңғыш рет Ұйымның саяси басшылығын посткеңестік, азиялық мемлекет атқаруда. Яғни, ХХІ ға-сырда демократиялық құндылықтар мемлекеттер мен континенттердің шекараларына тәуелді емес екенін аңғартады. Осыған орай Мемлекет-тік хатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 14 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңес мүшелеріне арнауына сілтеме жасап, “Демократиялық қоғам орнату – біздің халқымыздың саналы таңдауы, сондықтан біз еліміздің одан әрі саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруды жалғастырамыз”, деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда демокра-тия мен азаматтық қоғам институттары түпкілікті орнығып, қызмет атқаруда, демократиялық сайлау және тәуелсіз сот жүйелері құрылған, бұқаралық ақпарат құралдары еркін қызмет етуде, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер дамып келеді. Қазақстандағы демократиялық өзгерістер елдің әлеуметтік-саяси өмірінің басты үрдісіне айналды, деді Қ.Саудабаев. Копенгагендегі конференцияға келген қазақстан-дық мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуы осы бағыттағы дамудың айқын дәлелі. Жалпы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы демократиялық үрдістерге серпін беруі тиіс. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау демократияның дамуы, төзімсіздік және кемсітушілікпен күресу бірыңғай әрі бөлінбейтін қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы Ұйым қызметінің гуманитарлық өлшеміне басым назар аударады, әрі оның дамуына өзіндік лайықты үлес қосуына ниетті. Қазақстан үшінші өлшемнің көкейкесті мәселелері бойынша ондаған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 17-19 мамырда Варшавада өткен гуманитарлық өлшем бойынша жыл сайынғы семинар сот тәуелсіздігі мен қоғамның әділ сотқа қол жетуі тақырыбына арналды. Осы жылдағы алғашқы Қосымша кеңес гендерлік тепе-теңдік пен әйелдер-дің қоғамдық және саяси өмірге қатысуы тақырыбына арналған болатын. Биылғы жылдың аяғына дейін аз ұлттар өкілдеріне арналған білім беру және дін бостандығы бойыншы тағы екі қосымша кеңес, сонымен қатар, сайлау кезіндегі электрондық дауыс беру жөнінде семинар өткізілмек. Гуманитарлық өлшемінің айрықша іс-шарасы 29-30 маусымда Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның толеранттылық пен кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясы болмақ. Өзінің мерейтойлық сипатына қарамастан, Копенгаген конференциясы міндеттемелерді орындау-дағы олқылықтарды анықтап, жиырма жыл бұрын уағдаласқан қағидаттарды жүзеге асыруға жаңа серпін береді деп Мемлекеттік хатшы сенім білдірді. Конференция сондай-ақ жаңа идеяларды туын-датуға бірегей мүмкіндік береді. Қ.Саудабаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі бастамасына айрықша тоқталып өтті. Жоғары деңгейдегі демократия және адам құқығы саласының Ұйым үшін бастапқы негізге ие екенін айрықша атап көрсетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде Данияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Лене Эсперсен ханым өткен жиырма жыл ішінде Еуропаның айтарлықтай өзгергенін айрықша аңғартты. “Копенгаген құжаты әзірленген кезде Қазақстан тәуелсіз ел ретінде ЕҚЫҰ үдерісіне әлі қа-тыспаған еді. Ал бүгінде Қазақстан Ұйымды басқарып келеді. Бұл қаншалықты алға жылжып қойға-нымыздың тамаша мысалы болып табылады”, деді Дания министрі. Қ.Саудабаевпен болған екіжақ-ты кездесу барысында Эсперсен ханым ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалыққа, соның ішінде Қыр-ғызстан дағдарысын реттеу мәсе-лесіне қосқан үлесіне жоғары баға берді. Ол сонымен қатар, Қазақ-станның ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі ұсынысына қолдауын білдіріп, ауған мәселесінің күрде-лілігін ескере отырып, осы саммиттің күн тәртібінде негізгі орын ауған мәселесіне берілуі керектігін айтты. Дания Вице-премьері Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемі бойынша жүзеге асып отырған бастама-ларының жетістіктерін атап өтті. Әңгімелесуші тараптар осы саладағы Қазақстан мен Дания ынтымақтастығының оң тәжірибесін, соның ішінде адам құқықтары жөніндегі Өкілеттілік институтына қоса, Қазақстанның тиісті институттарын дамытуда Данияның адам құқықтары жөніндегі институттың қатысуын атап өтті. Тараптар, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы қазіргі кезде нақты мүмкіндіктерге сәйкес келмейтіндігіне келісе отырып, екіжақты қарым-қатынас болашағын талқылады. Қ.Саудабаев атап өткендей, Қазақстан өзінің жаңа техноло-гиялар саласындағы тәжірибесімен белгілі болған Дания бизнесінің Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуына мүдделі. Сапар аясында дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптан босату туралы ноталарымен алмасты. Визалық талаптарды жою, ең алдымен екі елдің ресми өкілдерінің, соның ішінде саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салаларындағы байланыс-тардың жеңілдеуіне жол ашады.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10