Қоғам • 26 Ақпан, 2024

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды. Іс сотқа түсті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамды дүр сілкіндірген Бишімбаевтың ісі сотқа жетті. Мұндай ақпарат Астана қалалық сот кеңсесінде пайда болды. Құжатта экс-шенеунікке екі бап бойынша айып тағылғаны көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды. Іс сотқа түсті

Фото: Мұхтар Холдорбеков

2024 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

«Күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылды.

Күдікті Б.Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылды», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта қозғау туралы шешімді 5 тәуліктен кешіктірмей шығарады.

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35