Университет • 26 Ақпан, 2024

ҚазҰУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Digital Farabi халықаралық форумы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазҰУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге Halyk bank, «Beam.kz», Банк Центр Кредит, Kaspi Bank және басқа да жалпы саны 30-дан астам ірі компаниялар мен ұйымдар қатысты. Жұмыс берушілер студенттерге әртүрлі саладағы бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Университетімізде дәстүрлі шараға айналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі студенттерге кең мүмкіндіктер береді. Өйткені әрбір компания жайында толық ақпарат алып, бос жұмыс орны туралы мәліметтермен танысу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өз кезегінде студент жастарды ынталандырып, оларды еңбек нарығына бағдарлауға көмектеседі. Жәрмеңке жастарға тағылымдамадан өтуге әрі жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай туғызады», дейді механика-математика факультетінің маманы Смайыл Еркебұлан.

Аталған факультеттің магистранты Ырысдәулет Қарсыбайұлы жәрмеңкеге биыл бірінші рет қатысып отыр екен. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүргенімен, басқа салада бағын сынап көргісі келетін жас маманның айтуынша, жәрмеңке студенттер үшін кәсіби жолын бастаудағы маңызды қадам болатыны анық әрі бұл алаңда еліміздегі компаниялар туралы көп мағұлмат алуға болады.

д

Оқу орындарымен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан «Beam.kz» компаниясы сату бөлімінің жетекшісі Дария Нұрғажықызы студенттер мен түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған платформа жұмысымен таныстырып, студент жастардың тәжірибесі бар-жоғына қарамастан, бірінші кезекте арнайы курстар  ұйымдастырылатынын айтты. Мұнымен қоса оқумен қатар жұмыс істеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Оның айтуынша, бүгінде еңбек нарығында мұғалім, дәрігер, заңгер мамандығымен қатар экономика, қаржы, IT саласында сұраныс жоғары.