Қазақстан • 26 Ақпан, 2024

Ауыр жүк көлігі қозғалысына 1 ай шектеу енгізіледі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар жолдарды қыс айларынан кейін күтіп ұстау мақсатында бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қолданылады. Биыл бұл шектеу 8 облыс аумағындағы трассаларда енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр жүк көлігі қозғалысына 1 ай шектеу енгізіледі

Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Бесінші жол-климаттық аймаққа» кіретін Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарында уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан басталып 1 сәуірге дейін жалғасады.

Осындай шектеулер наурыздың 23-і – мамырдың 1-і аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізілмек.

Шектеу шаралары жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдау бойынша және төтенше жағдайлардың алдын алу-жою шараларына тартылғандарға, сондай-ақ зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті тасымалдау бойынша және жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қатысты қолданылмайды.