Футбол • 28 Ақпан, 2024

Гректерге қарсы кімдер ойнайды?

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 наурызда Афинада Ұлттар лига­сының плей-офф сайысының жартылай финалында Қазақстанның футболшылары Грекия құрамасымен күш сынасады.

Гректерге қарсы кімдер ойнайды?

Фото: livesport.ru

Күні кеше бас бапкер Магомед Адиев кеңейтілген құраманың тізімін жария етті. Оған мынадай ойыншылар енді: Қақпашылар – Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»). Қорғаушылар – Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов («Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин («Тобыл»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Ар­сенал», Ресей), Лев Скворцов «Химки», Ресей). Жартылай қорғаушылар – Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (Ордабасы»), Әділет Сәдібеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия). Шабуылшылар – Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов, Елхан Астанов («Астана»), Иван Свиридов («Елімай») және Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия).