Теннис • 28 Ақпан, 2024

Бастамасы жақсы

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ-нің Дубай қаласында теннис­тен жүлде қоры 2 941 785 долларды құраған АТР турнирі басталды.

Бастамасы жақсы

Алғашқы айналымда Александр Бублик (әлемнің 21-ракеткасы) екі сағатқа созылған сайыста чехиялық Томаш Махачтан (№65) 2:6, 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. Енді ол нидерландтық Таллон Грикспурмен (№28) күш сынасады. Кеше Александр Шевченко (№47) кортқа шықты. Ол Ресейдің атақты теннисшісі Александр Медведевпен (№24) шеберлік байқасты.

Михаил Кукушкин Испанияның Тене­рифесінде тұсауы кесілген турнирдің негізгі бөлігіне жолдама алды. Алғашында ол гру­зиялық Николоз Басилашвилиді ұтса, іле-шала франциялық Лоран Локолиді жолынан ығыстырды.