Динара Сайлаубайқызы ата-енесінің рұқсатымен блогерлікті бастағанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.
- Келін "Блогерлікті бастайын. Танымал болмасам да, байқап көрейін" деген соң, бірден келістім. Келінім - актриса, әнші. Өнері көп. Біздің бала шығармай қойған. Келінді тыңдаймыз. Келін біздің - болашағымыз ғой. Келін болып түскеніне он жыл болды, - деді Жүсіп Ақшора.
Ал актердің келіні Динара атасының өмірде қандай адам екенін сипаттады.
- Күйеуім басында қарсы болды. Бірақ қазір рұқсатын берді. 2-3 жылдан бері блог жүргізсем деп ойладым. Өнер саласына кішкентайымнан қызығатынмын. Осы салада білім алдым. Ән айтуға, қыз ұзатуға рұқсат берді. Бірақ оны енді қолға алып жатырмын. Әлеуметтік желіні де қатар алып кеттім.
Атам өмірде де, үйде де өте мейірімді. Келініне де қызындай, мейіріммен қарайды. Атам таңғы сағат 5-те оянып алады. Өз тамағын өзі дайындап, іше береді. Ұйықтап қалсақ, немерелеріне таңғы ас дайындап береді, - деді Динара Сайлаубайқызы.