Спорт • 29 Ақпан, 2024

Жүлде саны жиырмадан асты

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су спортынан Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында жалауы жел­біреген Азия чемпионатының екін­ші күні Қазақстан құрамасының қор­жыны тағы бірнеше медальмен то­лық­ты.

Жүлде саны жиырмадан асты

Бас жүлдені Әділбек Мусин (100 метр, баттерфляй), Аделаида Пчелинцева (50 метр, брасс), Софья Сподаренко (100 метр, баттерфляй), Арсен Қожахметов (50 метр, брасс), София Әбубәкірова (50 метр, еркін тәсіл), Максим Сказобцов (100 метр, баттерфляй), Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина (суға секіру), Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов (4х100 метрлік эстафета) алып, алтын тұғырға көтерілсе, Диана Тасжанова (1500 метр, еркін тәсіл) мен Даниил Че­репанов (50 метр, еркін тәсіл) күміс медальды иеленді.

Қазіргі кезде жерлестеріміздің қоржы­нында 21 жүлде бар. Оның 11-і – алтын, алтауы – күміс және төртеуі – қола.