Тұсаукесер кездесуін ол Даниил Медведевке қарсы өткізді. 28 жастағы Ресей теннисшісі 2021-2024 жылдар аралығында US Open додасында дара шығып, үш мәрте Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті. Уимблдонда жартылай финалға дейін жетіп, АТР турнирлерінде 20 рет топ жарды. Бұл күндері әлемнің төртінші ракеткасы атанып отырған Медведев Шевченкоға шаң қаптырып кетті. Бір жарым сағатқа созылған сайыс 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Испанияның Тенерифе қаласында ұйымдастырылған «Челенджер» турнирінің бірінші кезеңінде Михаил Кукушкин италиялық Франко Агаменонеден айласын асырды. Есеп – 7:6, 6:3.