Қоғам • 29 Ақпан, 2024

Анамды іздеуді тоқтатпаймын: Бельгиядан келген Жәнібек жоспарын айтты

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Қазақ радиосы дәстүрлі «Мың алғыс» шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анамды іздеуді тоқтатпаймын: Бельгиядан келген Жәнібек жоспарын айтты

Биылғы шараның басты кейіпкерлерінің бірі – Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев. Өткен жылдың желтоқсанында елге келіп, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібекке қатысты жүргізілген зертту жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды.

Ал Жәнібектің өз анасына қатысты іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Шарада Жәнібек туған халқына алғысын жеткізді.

- Туған анамды іздеу осыншалықты қиын болады деп ойлаған жоқпын. Мен Қазақстанға келген кезде бірден анамды тауып алып, онымен кездесемін деп жоспарладым. Анамды іздеуім арқылы менен бөлек 4 баланың туған аналары табылғанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін мотивация, анамды іздеуді тоқтатпаймын. Қазақ жұртына, туған халқыма менімен бірге болғандары үшін үлкен рақметімді айтамын! - деді Жәнібек Савельев.