Спорт • 29 Ақпан, 2024

Халықаралық турнир: Мергендерде – үш медаль

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стенд атудан Қатар елінің бас қаласы Дохада өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Отандастарымыз бір күміс, екі қола медаль тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық турнир: Мергендерде – үш медаль

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, 22 ақпанда басталған байрақты бәсекеде 30 елдің 300-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр. 

«Трап» бағдарламасы бойынша жекелей сында Мария Дмитриенко ел қоржынына күміс медаль салса, жасөспірімдер арасында Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Қазақстан атынан барлығы 36 спортшы сынға түсіп жатыр.