Қоғам • 29 Ақпан, 2024

«Шәмші» қойылымын тамашалады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекет­тік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.

«Шәмші» қойылымын тамашалады

Фото: aikyn.kz

Палата спикері Шәмші Қал­даяқов – қазақ халқының ұлт­тық мақтанышы, отансүй­гіш­тік мен асқақ рухтың үлгі­сі екенін атап өтті. Көр­некті композитордың шығар­малары ешқашан ескірмейді және қазақ халқының рухани өмірі мен мәдениетінің төрі­нен орын алады. Шәмшінің туындылары әр буынның өкілдеріне кеңінен танымал.

Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бо­йынша мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын, осы бағыт­та кешенді шаралар қолға алын­ғанын атап өтті. Сон­дай-ақ Сенат төрағасы өнер ұжы­мына ұлттық мәде­ни құ­ндылықтарды насихаттап, композитордың шығар­ма­шы­лығын дәріп­тегені үшін алғысын білдірді.

«Шәмші» элегиясының авторы – белгілі ақын Серік Тұр­ғын­бекұлы. Ол ұлы компо­зитор­дың жұмбақ әлеміне үңіл­іп, жан дүниесінің нәзік қыр­ларын шығармасына арқау етті. Қойылымның режис­сері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Ұзақов.

Спектакльде Шәмші Қал­даяқовтың «Ақ маң­дайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құша­ғында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріс­кей» және басқа шығар­малары орындалды.