Спорт • 01 Наурыз, 2024

«Қарсыластың мойнын қайырған». Елдос Сметов Grand Slam турнирінен шеттетілді

1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде отандасымыз, олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар спортшыға жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге рұқсат бермеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

«Қарсыластың мойнын қайырған». Елдос Сметов Grand Slam турнирінен шеттетілді

Фото: ҰОК

Ширек финалда Елдос Сметов грузиялық Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберді. Соңыра жұбаныш белдесуіне де жіберілмейтіні белгілі болды. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов оның турнирден шеттетілуіне тыйым салынған әдісті қолданғаны себеп болғанын айтты.  

«Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке «хансоку-маке» берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалды. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр», деді Нұрбол Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40

Доп додасының дүбірі естілді

Футбол • Бүгін, 08:35

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Экономика • Бүгін, 08:30

Ырыздық жорығы аяқталды

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

135 жылдық тарихы бар турнир

Теннис • Бүгін, 08:20