Оқиға • 03 Наурыз, 2024

Шымкентте көлік ағашқа соғылып, үш адам зардап шекті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 2 наурызға қараған түні Алпысбаев көшесінде Toyota Camry көлігі қатты жылдамдықпен келе жатып ағашқа соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте көлік ағашқа соғылып, үш адам зардап шекті

Отырар басылымының жазуынша, апат салдарынан үш адам ауыр жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші  көлік тізгінге ие бола алмай қалған. Соққының салдарынан адамдар көліктің деформацияланған шанағына қысылып қалған. Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен зардап шеккендерді мыжылып қалған көліктен алып шықты.⠀

Жүргізуші мен артқы орындықта отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде алдыңғы орындықта отырған жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қалалық полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.