- Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокстан жарыс өтті. Танымал боксшы Қанат Ислам жетекшілік ететін «Қазақ промоушен» компаниясы ұйымдастырған турнирде Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Үндістан, Тәжікстан, Түркия, Индонезия және Қытайдың спортшылары қатысты. Осы кештің басты жекпе-жегінде алты жылға созылған үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған Руслан Мырсатаев түркиялық Хамза Гюнешті бірінші раундта ұрып жықты.
- 15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан аса ірі халықаралық турнир өтеді. Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын байрақты бәсекеде Мария Севостьянова (57 кг), Жансел Дениз (+67 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) және Батырхан Төлеуғали (80 кг) татамиде айқасады.
- 11-13 наурызда Астанадағы Жекпе-жек сарайында Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің еске алуға арналған жастар (U-20) арасындағы халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі. Осы бәсекеде еліміздің ең дарынды жастарымен қатар 10-нан аса шет мемлекеттерден келген балуандар күш сынасады деп күтіліп отыр.
- Кеше Францияда велошабандоздардың Париж-Ницца көпкүндігі басталды. 10 наурызға дейін созылатын дәстүрлі жарыста Самуэле Баттистелла, Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Антон Чармиг, Кристиан Скарони Рюдигер Зелиг және Харольд Техада сынды спортшылар «Астана» клубының намысын қорғап жатыр.
- 31 наурыз бен 11 сәуір аралығында Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогінің жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде бес жерлесіміз күш сынасады. Олар – Айнұр Әбдіхалықова (45 кг), Ерназ Алпысов (55 кг), Дарья Балабюк (59 кг), Айсамал Сансызбаева (+87 кг) және Мейрам Сұлтан (109 кг). Осы додада басты үміт Айсамалға артылып отыр. Ол – жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері және Әлем кубогінің иегері.
- Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирде Қытайдың қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бір қуантарлығы, сол алпауыт мемлекеттің ұлттық құрамасының капитаны болып Данабек Байғазы тағайындалды. Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген қандасымыз былтыр Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медальді иеленіп, Ташкенттегі әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті.
Жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Сұлтан Зәуірбек (16-0, 12 КО) өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Англияның Телфорд қаласында өткен жарыста ол колумбиялық Виктор Хулионы (17-10, 9 КО) төрешілердің шешімімен ұтты.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше